Оңтүстікте Ұлыстың ұлы күні киелі Қазығұрттан басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында Наурыз мерекесі киелі Қазығұрт тауының бөктерінде аталып өтіледі. Мерекелік шара 21 наурыз күні өтеді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан мәлім етті.

Оның айтуынша, «Наурыз - Қазығұрттан басталады» мерекелік іс-шарасы аясында театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

«Қазығұрттағы мереке күні тау бөктерінде кеметектес сахна қойылады. 40 шақты киіз үй орнату жоспарланып отыр. Өңірдегі өнер майталмандары ел алдында ән мен биден шашу шашады. Сондай-ақ,  қолөнер шеберлерінің өнімдері мен ұлттық тағамдардың көрмесі-жәрмеңкесі өтеді. Ұлттық спорттық ойындар бойынша түрлі жарыстарда қатысушылар бақ сынайды. Салт-дәстүрге арналған қойылымдар қонақтарға мерекелік көңіл сыйлайтын болады», - деді Асылхан Темірханұлы.

null 

Бұдан бөлек, 19-21 наурыз аралығында облыстағы барлық қала, аудандарда «Жыл арқауы - жыл басы Наурыз», «Қош келдің, әз - Наурыз!», «100 кітап» сынды сурет көрмелері мен жас ақындар айтыстары өтеді.

null 

Сонымен қатар, Шымкент қаласында Қошқар Ата өзенінің бастауында «Қошқар-Ата Сейілі» атты көктем фестивалі ұйымдастырылып, Наурыз мерекесіне орай Зообақтың маусымдық ашылуы болады.

null 

Мерекелік шара 22 наурыз күні Шымкент қалсындағы Наурыз алаңында «Наурыз көктем - Шымқала!» мерекелік іс-шарасымен жалғасады. Онда жұрт «Наурыз-думан» мерекелік шеруін тамашалайды. Сондай-ақ, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Ұлттық спорт түрлерінен ойындар көрсетіліп, шара соңы мерекелік отшашумен аяқталады.

null null null 

23 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай облыс орталығында кітап фестивалі мен республикалық «Наурыз» ақындар айтысы ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар