Оңтүстікте өрік гүлдеп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстікте өрік гүлдеп жатыр. Тауық жылының қысы аймақ үшін қиын болып, біраз әбігерге түсіргені белгілі. Дегенмен наурыз айында күн жылынып, жер көгере бастады. 

Күні кеше өңірде  ауа райы 27 градусқа дейін жылынды. Бүгін де  температура 20 градусқа дейін көтерілген.  Мамандардың сөзінше, өріктің оянуы үшін ауа райы бір аптадан асатын уақыт 10 градус шамасында жылы болып тұруы керек. Ал ағаш бүр жарып, гүл ашуы үшін оянған соң бір апта температура 20 градустай ысуы тиіс. Жеміс ағаштары сәл кеш гүлдейді екен. Олар ауа райының тұрақтануын күтеді екен.  Болмаса суыққа ұрынып, үсіп кетуі мүмкін. Дегенмен жергілікті тұрғындар сәуір айларында аяз болып, көп ағаштың гүлі түсіп қалмаса екен деп алаңдаулы. Себебі, алдыңғы жылдары жеміс ағаштары гүлдеген кезде қардың түсуінен өнім үсіп кеткен болатын. Ауа райын болжайтын мамандар сәуір айында елімізге салқын циклон келетінін айтады. Бірақ қатты суық болмайды екен.

Соңғы жаңалықтар