Оңтүстікте облыс кубогының ақтық кезеңі өтіп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттегі «Жеңіл атлетика спорт кешенінде» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында «Оңтүстік Қазақстан облысының Кубогының» жалауы желбіреді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жарыс  шымылдығын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев ашты.

null  

    «Жыл басынан бері облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1168 медаль жеңіп алса, осы уақыт мерзімінде Азия чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары барлығы 117 медаль  ұтып алды. Ал Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 90 медаль еншілесе, күні кеше Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетика шебері Жазира Жаппарқұлдың күмісі мен дзюдо шебері Галбадрах Отгонцэцэгтің қоласы облыстың спортсүйер қауымын бір серпілтіп тастады», - деген облыс басшысы жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

null  

    Кеше, 6 желтоқсан күні басталып, бүгін ресми түрде ашылған жарыс «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен өтуде. Облыс кубогіне таласта спорттың 7 түрі - баскетбол, волейбол, грек-рим, еркін, қазақ күресі, дзюдо және жүзуден кіл мықтылар анықталып жатыр.

null  

Еске салсақ, 28 қараша мен 2 желтоқсан күндері «Оңтүстік Қазақстан облысының Кубогының» бірінші кезеңі аудан, қалаларда өтіп, онда 2 мыңнан астам жасөспірім бақ сынады. Онда жүзден жүйрік шыққан 1600-ден астам спортшы бүгінгі ақтық екінші кезеңге қатысып жатыр.

null  

 Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында спорттың баскетбол түрінен 3 мыңнан астам бала тәлім алса, волейбол бойынша 5 мың, грек-рим күресінде 1800-ге жуық, еркін күреспен 4 мыңнан астам, қазақ күресінен 3200-ден аса, дзюдомен 2700 және  жүзу спортымен 600-ге жуық бала шұғылданады. 

null 

 

 

Соңғы жаңалықтар