Оңтүстікте Наурызда 500 атты адам флэшмоб өткізді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Наурыз мерекесінде 500 атты адам флэшмоб өткізді. Қасиетті Қазығұрт тауының баурайында өткен шарада түрлі қойылымдар мен концерттер ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шарада Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы бойынша да ерекше қойылымдар қойылды. Солардың бірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы символикалық құс Астанадан ұшып, Қазақстан жерін аралап шығады. Содан Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, Қазығұрт тауының басына қонады. Бұл көрініс көпшілікке 3D форматта лэд экранда көрсетілді. Кейін тауға қонған құсты 500 атты адам Қазығұрт тауының бөктерінде жалаушалармен бейнеледі. Тау етегінде көрсетілген қойылымға 550 адам мен 500 ат қатысты. Бұл композиция Нұрсәт Бейсеқожаевтың «Рухани жаңғыру» әнімен сүйемелденді.

Айрықша театрландырылған қойылымдармен көмкерілген мерекеде Дихан баба шақырылып, қыс кетеді. Көктемнің келуіне орай гүлдің ішінен Көктем қыздың шығуы көрсетілді. Сондай-ақ, 500-ге жуық көгершін көкке ұшырылды. Осылайша ұлық мереке қасиетті тауда ұлықталды.

Соңғы жаңалықтар