Оңтүстікте әлеуметтік желіге үздік пост жазғандар марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен үздік жазбалар байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Жаңа Дәуір» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы ұйымдастырған «Оңтүстік ғажайыптары» атты байқауға бас-аяғы 35 үміткер қатысты. Олар ағымдағы жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында әлеуметтік желідегі арнайы парақшада Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, тарихы мен шежіресін, ұлы тұлғалар мен олардың туындыларын насихаттау бойынша өз жұмыстарын жариялаған болатын. Нәтижиесінде 16 үміткердің әлеуметтік желіде жариялаған посттары іріктеліп алынып, арнайы комиссияға ұсынылды.



Байқау қорытындысы бойынша 1-орын мен 300 мың теңгені журналист  Кеңес Исмаилов пен жергілікті блогер Дастан Басширов жеңіп алды. Ал 2-орын мен  200 мың теңге көлеміндегі сыйақыны  үш қатысушы иеленді. Сол сияқты 3-орын мен  ынталандыру сыйлықтары да бірқатар азаматтарға берілді.

Айта кетейік, шара барысында ең көп пост (92 пост) жазған танымал журналист Кеңес Исмаилов байқау аясында жарияланған жазбаларды өзге облыс тұрғындары мен шетелдіктер де қызыға оқығанын айтып өтті. Ал тарихшы, байқаудың белсенді қатысушысы Өмір Шыныбекұлы «Оңтүстіктің ерекше жерлерін әлі де болса көбірек насихаттау керектігін, бұл өңірдің әлі ашылмаған жаңа қырларын танытуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар