Оңтүстікте ағаштар гүлдеп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына нағыз көктем келді. Аймақта ағаштар да бүршік жарып, гүлдеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында ауа-райы жаңбырлы болғанымен, сынап бағанасы 20 градусқа дейін жылынған. Соңғы күндері жаңбыр көп жауғанымен, бүгін температура +12 +15 градусты көрсетіп тұр.

Айнала жасыл желекке оранып, саябақтарда гүлдеген ағаштардың саны көбейген. Алғаш болып сары өрік пен шабдалы ағаштары гүл ашты.

Синоптиктер алдағы аптада жаңбыр жиі жауатыны, соған қарамастан күн жылы болатынын айтып отыр.

null 

Соңғы жаңалықтар