Оңтүстікте 150 дәрі түрі қымбаттамайтын болды

None
None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында халық ең көп қолданатын 150  дәрі  жыл соңына дейін қымбаттамайды. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Даму» фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы арасында тиісті меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінде өткен шараға 40 фармацевтикалық ұйым басшысы қатысты. Нәтижесінде отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін көтермейтін болып келісті. 

null 

Сондай-ақ меморандумға сәйкес, аталмыш 150 препараттың әлеуметтік маңызы зор деген 13-інің бағасы едәуір төмендетіледі.

null 

«Осылайша біз облыс тұрғындарының басым бөлігіне қолдау көрсетеміз. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдап, келісімге қол қойып отырған дәріхана басшыларына Оңтүстік жұртының атынан ризашылығымды білдіремін», - деді өңір басшысы.

null 

Соңғы жаңалықтар