Оңтүстіккореялықтар Павлодарда диагностикалық орталық салуды көздеп отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея елінің мамандары мемлекеттік -жекешелік серіктестік аясында Павлодарда жұмыс істеп, диагностикалық орталық салуды көзеп отыр, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz.

Облыс басшыларымен кездеспес бұрын шетелдіктер Павлодар қалалық емханалар мен аймақтық диагностикалық орталықты аралаған. Бұдан кейін оңтүстік кореялық қонақтар Павлодар өңірінде диагностиканы дамыту керек деген ойға келген. - Меніңше, ТМД-ның басқа мемлекеттері секілді Қазақстанда да диагностиканы дамыту керек, - деді аймақ басшысы Болат Бақауовпен болған кездесуде Пусан қаласындағы «Гуд Ганг-АН» ауруханасының басқарушы директоры Со У Ёнг.

 Оңтүстіккореялық мамандар Павлодарда заманауи диагностикалық орталық сала алатындарын сөзге тиек етті. Өз кезегінде жергілікті билік өкілдері инвесторларға аймақ тұрғындарының басқа мемлекетке шықпай, өз елдерінде ем алу үшін барынша көмек беріп, мемлекеттік тапсырыспен қолұшын созуға дайын екендерін жеткізді. - Біз сіздерді өзара серіктестікке шақырамыз, - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. - Инвесторларға мемлекет тарапынан көмек беру - Елбасымыздың алдына қойған ең негізгі мақсаттарының бірі. Медицина тақырыбы біз үшін өзекті тақырып, ал, тұрғындардың денсаулығы біз үшін өте маңызды. Сондықтан, барынша көмек беріп, қолдау көрсетуге дайынбыз».

Соңғы жаңалықтар