Оңтүстіккореялық альпинист қыз 123 қабатты зәулім ғимаратқа өрмелеп шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 жастағы оңтүстіккореялық альпинист қыз Ким Джейн ешқандай арнайы құрал-жабдықсыз, тек сақтандыру белдігімен ғана 123 қабатты Lotte World Tower зәулім үйге өрмелеп шықты.

Оңтүстік Кореядағы ең биік ғимаратты бағындыруға спортшының шамамен екі жарым сағаттай уақыты кетті.

YouTube видеотрансляцияны осы ғимараттың арнасынан жүргізді.

«Бұл күрделі болды. Мен жоғары көтерілген кезде ұстайтын, аяқ тірейтін жерлер тарыла  бастады»,-деді биіктікті бағындырғаннан кейінгі әңгімесінде альпинист.

Оңтүстіккореялық  Ёнхап агенттігінің атап өтуінше, Джейн бірінші сыныпты атлет. 11 жылдан бері ол азиялық жарыстарға үзбей қатысып келеді. Әлемдің деңгейдегі 25 жарыстың жеңімпазы.

 

Соңғы жаңалықтар