Оңтүстікқазақстандық спортшы гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы 19 жастағы Қобыланды Орынбасаров Сеулде өткен гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. Ал, жаттықтырушысы Мұрат Серікбаев ардагерлер арасындағы жарыста әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында қараша айының 15-19 аралығында өткен жарысқа әлемнің 33 елінен 600-ге жуық спортшы қатысқан болатын. Додада 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Қобыланды, 32 келі гір тасын ұзын циклды көтеруді 62 рет бағындырған. Жаттықтырушысы Мұрат Серікбаевтың айтуынша, Қобыланды алғашқыда қазақ күресімен айналысқан екен.

«2014 - 2015 жылдар аралығында Қобыландыға гір тасын көтерудің қыр-сырын үйреттім. Аз уақытта үлкен нәтижелер көрсете бастады. Мәселен, осы спортпен айналысқан бір жылдың ішінде жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы, сол жылы Латвияда өткен Еуропа чемпионтында күміс жүлдеге қол жеткізген. Ал, келер жылы Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Биыл жастар арасына да еркін кіріп, ел біріншілігін ұтты. Өздеріңіз куә болып отырғандай, жастар арасындағы ұлттық құрамаға мүше болып, Оңтүстік Корея мемлекетінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы болды»,- дейді бапкер Мұрат Серікбаев.

Ал, бапкердің өзі болса 73 келі салмақ дәрежесінде 24 келіні қоссайыс бойынша 131 рет көтеріп күміс жүлдені алып отыр.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Созақ спортының төл тумасы. Оңтүстіктен шыққан жастар арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Алматы қаласындағы Қазақ туризим және спорт академиясының 3 курс студенті.

null null 

Соңғы жаңалықтар