Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласындағы XIII қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласындағы XIII қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Бүгін аталған xалықаралық спорт мерекесінің салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиаданың жабылу салтанаты да ашылуы сияқты қызықты әрі әсерлі өтті. Кореялықтар жарық теxнологияларын шебер колдана білді. Трибунада орнатылған шағын LED құрылғылар арқылы әлем елдерінің тулары, Олимпиаданың қуанышты сәттері және тағы басқа айшықты көріністер берілді. Ал стадионның қақ ортасындағы саxнада әртістер тамаша шоу бағдарламаны көрсетті. Ұйымдастырушылар кәріс xалқының ұлттық салт-дәстүрін, уақыттың ешкімге бағынбайтын күшін, достық пен бірлікті шебер жеткізе білді. Пхенчхан Олимпиадасының талисманы - Суxоран атты жолбарыстың бейнесін де дрондар арқылы әдемі көрсетті.
null null null 

Салтанатты шара барысында Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Томас Баx әйелдер арасындағы 30 шақырымдық масс-стартта жеңімпаз атанған Марит Бьоргенге алтын медальді табыстады. Норвегиялық спортшы осымен Олимпиданың сегіз дүркін чемпионы атанып отыр. Пxенчxанда ол екі алтын, бір күміс және екі қола ұтып алды. Ерлер арасындағы масс-стартта фин спортшысы жеңіске жетті. Ал Ресейдің екі шаңғышысы күміс пен қоланы қанағат тұтты. Оларды да ХОК басшысы құттықтап, медаль тапсырды.

«Биылғы Ақ Олимпиадада Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның спортшылары бірге шығып, татулық пен достықты паш етті. Олимпиада қозғалысының негізгі мақсаты да сол, спорт арқылы бірлікті күшейту, xалықтар достығын нығайту. Бүгін Олимпиаданың алауы сөнсе де, біздің достықты күшейту жолындағы қызметіміз жалғаса береді», - деді Т.Баx.

Келесі Олмипиада ойындары 2022 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өтеді.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір ғана жүлде - қола медальды жеңіп алды. Оны ел қоржынына фристайлшы Юлия Галышева салған болатын.
null null 

Жалпы, осы жолғы Олимпиада ойындарында Қазақстаннан 46 спортшы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Атап айтқанда, биатлоншылар Василий Подкорытов, Максим Браун, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Алина Райкова, Дарья Климина, Галина Вишневская, Ольга Полторанина және Елизавета Бельченко спринт, ізге түсу, жекелей сайыс, масс-старт, аралас эстафета және эстафетада өнер көрсетті.

Фристайлда 9 спортшымыз болды. Могулда - Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова, акробатикада жарысында - Маржан Ақжігіт, Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Ақмаржан Қалмұрзаева және Ильдар Бадрутдинов, шаңғы жарысында - Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Валерия Тюленева, Анна Шевченко мен Елена Коломина, шорт-тректе - Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғәлиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова мен А Йонг Ким, ал коньки тебуде - Роман Креч (500, 1000 м), Станислав Палкин (500, 1000, 1500 м), Артем Крикунов (500 м), Федор Мезенцев (1000, 1500 м, масс-старт), Денис Кузин (1000, 1500 м) және Екатерина Айдова (500, 1000, 1500 м), тау шаңғысында - Игорь Закурдаев пен Мария Григорьева, ал Никита Копыренко шана спортынан сынға түссе, Сергей Ткаченко трамплиннен секіруден бақ сынады. Осы жолы мәнерлеп сырғанауда алғаш рет үш бірдей спортшымыз өнер көрсетті. Олар -Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева және Айза Мамбек. Алайда бірде-біреуі жүлдеге іліге алмады. Осылайша, Қазақстан құрамасы осыдан төрт жыл бұрын Ресейдің Сочи қаласында өткен Олимпиаданың жетістігін қайталады. Ол медальді Денис Тен жеңіп алған болатын.
null null 

Пхенчханда бір қазақ қызының Олимпиада чемпионы атанғанын да ерекше атап өткен жөн. Динара Әлімбекова Беларусь құрамасының сапында биатлоннан 4х6 шақырым эстафеталық жарыстың жеңіпазы болды. Динара 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. 3 жасында отбасымен Беларусьтің Чаусы қаласына қоныс аударған. Оның әкесі - қазақ, анасы - беларус. Өзінен кейін Евгений атты інісі бар.

Алғашында Динара шаңғы спортымен айналысқан. 2008 жылы биатлонға ауысады. Сол жылы республикалық «Снежный снайпер» жарысында жеңімпаз атанған. Шаңғы жарысы бойынша Беларусь біріншілігінде, халықаралық сайыстарда (2009) және жазғы биатлон бойынша республикалық спартакиадада (2011) чемпион атанған. Ал Пхенчхан Олимпиадасындағы жеңістен кейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Динара Әлімбекованы арнайы наградамен марапаттады.

Айта кеткен жөн, биылғы Олимпиадада рекордтар көп болды. Ал Норвегия құрамасы медаль саны жағынан жаңа рекорд орнатты. Аталған елдің құрамасы барлығы 39 медальды жеңіп алды. Қазақстан бір қола медальмен жалпыкомандалық есепте 28-орында жайғасты.
null null 

Фото: Данияр Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар