Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе тұтқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның билігі елдің бұрынғы басшысы Пак Кын Хені сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы ТАСС Yonhap агенттігіне сілтемемен хабарлайды.

Сеул соты пара алды, өкілеттілігін  асыра пайдаланды, заңсыз қысым жасады және мемлекеттік құпияны жария етті деген айыппен бұрынғы мемлкет басшысын тұтқындау туралы санкция шығарды.

Еске сала кетейік, Пак Кын Хеге қатысты дау 2016 жылғы қазан айында туды. Ол кезде басылым беттерінде мемлекет басшысына оның құрбысы Чхве Сун Силь ықпал етіп жүргені туралы ақпарат тараған еді.

2016 жылы желтоқсан айында Оңтүстік Кореяның парламенті Пак Кын Хеге импичмент жариялау мәселесін дауысқа салды, ал 10 наурыз күні оны Конституциялық сот бекітті. 

Соңғы жаңалықтар