Оңтүстік Кореядағы Samsung кеңселеріне тінту жүргізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе айналасындағы дау-дамайға қатысты ел басқаруға заңсыз араласу туралы қылмыстық іс аясында тергеушілер оңтүстіккореялық Samsung компаниясының кеңселерін тінтіп шықты, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Оңтүстіккореялық БАҚ-тың хабарлауынша, тергеу тобы Samsung  компаниясының президенттің құрбысы Чхве Сун Сильдің қызына заңсыз қаржылай көмек көрсетуі туралы ақпаратты тексеруде.

Тергеу мәліметтері бойынша, Samsung Чхве Сун Силь мен оның қызы басқарған компанияға 2,8 миллион еуро инвестициялауы ықтимал деп күдктенуде.

Samsung басшылығы тінтуге қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар