Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея парламенті ел президенті Пак Кын-Хеге импичмент жариялады, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұған дейін оның көмекшісі әрі жақын құрбысына сыбайлас жемқорлық және бас пайдасы үшін өз қызметін асыра пайдалану айыптары тағылған еді.

Чхве Сун Силь өзіне қатысы екі үкіметтік емес ұйымға миллиондаған қаржы аударуға ірі бизнес өкілдерін заңсыз мәжбүрледі деп айыпталып отыр. 20 қарашада оған өз билігін асыра пайдаланды деп ресми айыптаулар тағылды.

 

Соңғы жаңалықтар