Оңтүстік Корея парламенті президент импичменті бойынша қарарды қарайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның үш оппозициялық партиясы парламентке президент Пак Кын Хе-ге импичмент жариялау туралы қарар жобасын енгізді.

Қарарды 171 депутат қолдады деп хабарлайды Yonhap.

Бұдан бұрын оңтүстіккореялық оппозиционерлер 9 желтоқсанда импичмент жариялау бойынша дауыс беруге келіскен болатын. 

Пак Кын Хенің өкілеттік мерзімі 2018 жылғы ақпанда аяқталады. Егер оппозиция жеңген жағдайда Пак Кын Хе  Оңтүстік Кореяның лауазымын мерзімінен бұрын аяқтаған алғашқы президенті болмақ.

Оңтүстік Корея басшысы маңындағы дау-жанжал баяндамасын ешқандай мемлекеттік қызметте жоқ құрбысы Цой Сун Сильдің  дайындап беруімен басталды.  

Бұл оның мемлекеттік саясатқы ықпал ететіндігін білдіреді. Сондай-ақ, бұдан басқа Цой ірі оңтүстіккореялық корпорациялардан қаржы алып өзінің коммерциялық емес қорларына аударды деген күдікке де ілініп отыр, деп жазады rosbalt.ru.

Соңғы жаңалықтар