Оңтүстік Корея отандық криптовалюталар нарығын дамытуға көмектеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Астана" Халықаралық қаржы орталығы отандық криптовалюталар үшін арнайы тәжірибе аймағын ашуды жоспарлап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның блокчейн және криптовалюталар қауымдастығының төрағасы Есет Бутиннің айтуынша, аталған ұйым "Астана" Халықаралық қаржы орталығымен келісімге отырып, бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі. Отандық криптовалюталарды дамыту мәселесі де пысықталады. "Негізі, "Астана" Халықаралық қаржы орталығы аясында блокчейн мен криптовалюталарды дамытуға қатысты үлкен бастамалар қоға алынады. Мәселен, 18 қаңтарда біздің Оңтүстік Кореядағы әріптестеріміз келеді. Олармен бірге біз Халықаралық қаржы орталығымен келіссөздерімізді жалғастыратын боламыз. Ағымдағы жылы көктемде кореялық әріптестермен бірлесе отырып, қаржы орталығы негізінде арнайы тәжірибе аймағын ашамыз деп ойлаймыз. Сол жерде блокчейн мен криптовалюталарға қатысты барлық тың бастамалар іске асатын болады", - деді Е.Бутин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бүгінде Оңтүстік Корея xалқының 30 пайызы сауда-саттықты криптовалютамен жүргізеді. Сондықтан осы елдің тәжірибесін зерделеп шыққан маңызды.

Айта кетейік, бұған дейін "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов күнделікті инвестициялармен қатар жаңа қаржы теxнологияларын да дамытуға мүдделі екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, болашақта ЭКСПО аймағы "криптовалюталар айлағына" айналады.

 Бас кезінде аталған бастама тестілік үлгіде қолға алынады. 

Соңғы жаңалықтар