Оңтүстік Корея КХДР-мен шекарадағы үгіт-насихатты тоқтатады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея билігі дүйсенбіден бастап келесі аптаға жоспарланған кореяаралық саммит қарсаңында КХДР-мен шекарада дауыс зорайтқышы арқылы таратылып келген үгіт-насихатты тоқтатады, деп хабарлайды Yonhap агенттігі республиканың ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

«Ұлттық қорғаныс министрлігі дүйсенбіден бастап Солтүстік Кореяға қарсы бағытталған әскери-демаркациялық желіге жақын жерде дауыс зорайтқыш арқылы хабар таратуды тоқтатты», - деп келтіреді Yonhap агенттігі ведомствоның мәлімдемесін.

Қорғаныс министрлігінде аталып өткендей, мұндай қадам «Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы әскери шиеленісті азайтуға және бейбіт келісімдер үшін жағдай тудыруға» бағытталған.

Оңтүстік Корея КХДР-ге қарсы үгіт-насихат хабарын таратуды 1963 жылы бастаған, Пхеньян да республикаға қарсы осындай шараларды қолданған. 2015 жылы екі ел шекарада үгіт-насихат хабарын таратуды тоқтату туралы келісім жасаған, алайда 2016 жылдың қаңтарында Сеул КХДР ядролық қаруды сынақтан өткізгеннен кейін дауыс зорайтқышты қайта қолдана бастады.

Корея Республикасының делегациясы 5 наурызда КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынмен Пхеньянда кездесті. Келіссөздер барысында екі елдің көшбасшыларының кездесуін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. 21 сәуірде Ким Чен Ын Корея Еңбек партиясы пленарлық сессиясының қорытындысы бойынша КХДР-дың ядролық және зымыран сынақтарын тоқтататынын мәлім етті.


Фото: Yonhap

Соңғы жаңалықтар