Оңтүстік Корея 2021 жылғы Азия ойындарын КХДР-мен бірігіп өткізгісі келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арадағы байланысты нығайту мақсатында, Оңтүстік Корея 2021 жылы өтетін Азия ойындарын КХДР-мен бірігіп өткізу мәселесін саралап жатыр. 

Бұл туралы оңтүстіктегі Канвонда провинциясының губернаторы Чве Мун Сун мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Мун Сунның айтуынша, провинция 2018 Ойындарының спорттық нысандарын оңтайлы пайдаланғысы келеді. «Біз Олимпиада біте салысымен жұмысқа кірісеміз. Бұл бастама қос кореяны спорт арқылы бітімгершілікке апару жолын жалғастыруға ықпал етеді»,-деді ол.

9 ақпан күні Олимпиаданың ашылу салтанатында Оңтүстік Корея мен ҚХДР біртұтас Корея туының астында бірге таныстырылған болатын.  Әйелдер арасындағы хоккей командасында да қос корея бірігіп өнер көрсетті.

Қысқы Азия ойындары 2017 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткен. 2021 жылы Ойындар өтетін қала 2018 жылдың тамызында таңдалады. 

Соңғы жаңалықтар