Оңтүстік Қазақстанда «құтыру» диагнозынан төрт адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері құтырған ит тістеген төрт адам қайтыс болды.

Мамандардың айтуынша, құтыру ауруы бойынша өңірде эпидемиялогиялық жағдай өршіп тұр. Өйткені биыл қауіпті дерттен мерт болғандар саны өткен жылмен салыстырғанда көбейген.

Оған қоса ит тістеп жарақат алғандардың саны 14 мыңнан асып жығылады. Ал ветеринарлық қызметкерлердің берген мәліметі бойынша, зертханалық сынама кезінде аудандағы елді мекендерде құтыру ауруының 14 ошағы анықталған.

«Біздің облысымыз құтыру ауруына қолайсыз болып табылады. Биылдың өзінде құтыру ауруына шалдыққан  төрт адам тіркеліп, барлық жағдай өліммен аяқталды. Қайғылы фактілер Қазығұрт, Созақ аудандарында және Кентау қаласы мен Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында тіркелді», - ОҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы  Балкүміс Мұсаева.

Оtyrar.kz 

Соңғы жаңалықтар