Оңтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық жасау - ізгі қасиет» атты акция ұйымдастырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде жаны жомарт азаматтардың қатысуымен «Қайырымдылық жасау - ізгі қасиет» атты акциясы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның адаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қолұшын беру жомарттықтың белгісі. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел ағалары әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға көмір, отын, қыс айларына жететін, ет, күріш, ұн, макарон, қант, картоп, сәбіз, пияз, тұрмысқа қажетті заттарды молынан үлестірді.

Шараны ұйымдастырушылар осынау игі істің алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып Қазақстанның түкпір-түкпірінде қайырымдылық акциялары өтуде, осы шаралар барысында көмекке зәру отбасыларға қолдау, қамқорлық көрсетіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар