Оңтүстік Қазақстанда азық-түлік тегін таратылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында  қос кәсіпкер 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«Әлеуметтік қолдау - әлеуетті қолдау» атты акцияның аясында Медет Тайманов пен Нұржан Абдубайтов мұқтаж жандарды бір айға жететін азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Кәсіпкерлер 100 отбасыға қосымша талон беріп, көмекке мұқтаж жандар бір ай көлемінде белгіленген дүкендерден қажетті азық-түлігін алып тұратын болды. Мырзашөлдегі  1 қала, 3 кент, 20 ауылдық округтерден адамдар таксимен тегін келіп, алған азықтары үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.

Тегін талон алушылардың бірі Айжан Арыстанованың былтыр ғана үйі өртеніп, жолдасы ІІ топтағы мүгедекке айналған. Дегенмен, аудандағы қайырымды кәсіпкерлердің арқасында баспаналы болып, ай сайын азық-түлікпен қамтылып отыр екен.

«Күйеуім екеуміз біраз қиыншылықты бастан өткеріп келеміз. Балаларымызға да тамақ, киім тауып беру оңайға соқпайды. Кәсіпкерлер тарапынан жасалып жатқан бұл көмек бізге үлкен қолдау болмақ. Айтар алғысымыз шексіз»,-дейді Айжан Арыстанова.

Соңғы жаңалықтар