Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында қар көшкіні болуы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райы болжамына сәйкес, таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аудандарында (2600 метрден жоғары аумақтарда) қар көшкіні болуы мүмкін. 

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мілім етті.

Шығыс Қазақстанның таулы өңірлерінде өздігінен қар көшкінінің болуы күтіліп отырған жоқ. Бірақ қар көшкінінің жүруіне ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.

 Таяудағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кейбір өзендерде судың көбеюуі ықтимал.

Алматы облысының таулы аудандарында топырақта ылғалдың аса мол болуына байланысты лай көшкінінің болуы, тастардың құлауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар