13:35, 24 Сәуір 2018 | GMT +6
Оңтүстік Қазақстан облысында күн бұзылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет Оңтүстік Қазақстан облысында ауа-райының бұзылатыны жайлы ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
ОҚО-ның кей жерлерінде 25 сәуір күні таңертең және түнде жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
24 сәуір күні түстен кейін оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20-дан 24-25 м/с дейін күшейеді.
25 сәуір күні де оңтүстік-батыс және солтүстік батыстан соғатын жел түнде 25 м/с дейін жетеді.