Оңтүстік Қазақстан МЖӘ жобаларын іске асыруда көш басында келеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясындағы жобаларды жүзеге асыруда көш басында келеді. Бүгінгі таңда өңірде  құны 9,3 млрд теңгенің 13 жобасына жеке әріптес анықталып, келісімшарттар жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

13 жобаның 8-і - білім беру, 3 - спорт және 2 денсаулық сақтау нысандарын салуға қатысты. Бүгінде 8 жобаның құрылысын жүргізуге конкурс жарияланса, 5-еуі бойынша құрылыс жұмыстары басталып кеткен. 

null 

Жалпы түзілген келісімшарттар саны бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда. Айта кетсек, МЖӘ аясындағы тағы 20 жобаның тиісті құжаттары әзірленуде. Мәселен, Шымкент қаласында онкологиялық және Шымкент қаласындағы 200 орындық оңалту орталықтарының құрылысы, «Қауіпсіз қала», Шымкент және Түркістан қалалаларының көшелерін жарықтандыру және тағы да басқа жобаларды  іске асыру жоспарланып отыр.

null null null 

Соңғы жаңалықтар