«Оңтүстік - достық мекені» керуені жолға шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Оңтүстік - достық мекені» кездесулер керуені бүгін жолға шықты. Құрамына ғалымдар, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, жастар ұйымдарының жетекшілері енген керуен 11-14 шілде аралығында өңірдің барлық аудан, қалаларында тұрғындармен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Керуендегілер Елбасының «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында қазақстандық біртектілікті, қоғамдық келісім мен бірлікті, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мақсаттар мен міндеттерді насихаттамақ. Ақпараттық-насихаттық топтың алғашқы кездесулері Түркістан, Кентау қалалары мен Бәйдібек, Созақ аудандарында өтеді деп жоспарланған.

Айта кету керек, дәстүрге айналған «Оңтүстік - достық мекені!» жобасы облыста биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар