Өнеркәсіпте роботтарды қолдануды арттыру керек - Асқар Мамин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өнеркәсіпте роботтарды қолдануды арттыру керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан машина жасаушыларының V форумында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Роботтардың орташа  деңгейі 10 мың жұмысшыға шамамен 70 роботты құрайды. Өкінішке орай, біз саламызда екі мәнді санға да әлі жеткен жоқпыз. Мен Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур сынды 10 мың жұмысшыға 500-ден астам робот келетін дамыған елдерді айтып та отырғаным жоқ. Біздің ұмтылуға тиісті бағытымыз бар. Онсыз жаһандық бәсекеге қабілетті болу мүмкін емес. Мұны барлығы айқын түсінуі қажет», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар ол өнеркәсіпте жасанды интеллект, 3D-принтинг, роботтандыру, цифрландыру сынды жаңа технологияларды енгізу қажеттігіне назар аударды.

Айта кетерлігі, осы жиында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің машина жасау саласы дамуының 8 айлық қорытындысын шығарған болатын. «8 айдың қорытындысында осыған дейінгі жылдарды қоса алғанда шығарылған машина жасау өнімдерінен артық өнімді экспортқа жөнелттік. Негізінен олар Беларусь, Тәжікстан, Ресей және Қытай нарықтары. Машина жасау секторының жалпы құны 90 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артық», - деген еді ол.

Соңғы жаңалықтар