Өндірістік тәжірибеден өткен ақмолалық студенттер 1,5 млн. теңгеден астам табыс тапқан

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының студенттері өндірістік тәжірибе арқылы 1,5 миллион теңгеден астам табыс тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дуальды жүйе бойынша оқытылып жатқан Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледж студенттері теориялық білімдерін өндіріс орындарында тәжірибемен ұштастыруда. Студенттер 2016 жылы өндірістік тәжірибе арқылы 1,5 миллион теңгеден астам табыс тапқан.

2015 жылы аталмыш колледж студенттері дуальды жүйе бойынша «тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығына оқытылуда. 2016 жылы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасыында (колледж-өндіріс-студент арасында) үшжақты 39 келісім шарт жасалды.

Сонымен қатар, жыл сайын көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер «Фермерлік шаруашылық», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша білім алып жатқан колледж студенттерін кәсіби тәжірибеден өткізуге алады.

«Студенттеріміздің тәжірибеден өтуі үшін өндіріс орындарымен келісім бар. Осы келісім негізінде суденттердің көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезінде тәжірибеден өтуі үшін қолайлы етіп, оқу кестесін жасадық», деді №7 агротехникалық колледжінің орынбасары Наталья Бойко.

Білім ордасымен белсенді жұмыс істеп отырған «Шаңырак Р» ЖШС, «Орловка» ЖШС, «Московское» ЖШС, «Агро-Олдиви» ЖШС, «Қаракөл» АШК және «Айгүл» шаруа қожалығы өндіріс орындары бар.

Соңғы жаңалықтар