Өңдеу секторында 26 жаңа кәсіпорын құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңдеу секторында 26 жаңа кәсіпорын құрылды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда бұрын шығарылмаған 500-ден астам жаңа өнім түрі өндірілді. Атап айтқанда, жүк және жолаушы вагондары, электровоздар, жүк және жеңіл автокөліктер, автобустар, трансформаторлар, рентген аппаратурасы, дәрілік заттар және т.б. өнімдер бар. Бұдан бөлек, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында 160 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік бергені мәлім болды.

«Жүйелі индустриаландыру саясатын жүзеге асырудың нәтижесінде өңдеу секторы тұрақтанып, өсім көрсетіп келеді. Бағдарлама жүзеге асқан кезден бастап жобалар жалпы 7 трлн. теңгенің өнімін өндірді» - деді министр.

Айта кетейік, 2010-2015 жылдары іске қосылған жобалар бойынша экспорттық өнім көлемі 1,5 трлн. теңгені құрады.

                                                                                                                                     Жансая СЫДЫҚБАЙ

Соңғы жаңалықтар