Оңдасын Оразалин Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Елбасының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Оңдасын Сейілұлы Оразалин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. 

Оңдасын Сейілұлы Оразалин 1963 жылы туған.

1985  жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1985-1986, 1987-1988 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.

1988-1990 ж.ж. - Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.

1990-1993 ж.ж. - жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.

1993-1999 ж.ж. - «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы

1999-2000 гг. - «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.

2000-2003 ж.ж. - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.

2003-2004 ж.ж. - Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.

2004-2005 ж.ж. - Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры.

2005-2006 ж.ж. - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2006-2007 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2007-2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылдың наурыз - қазан аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008-2014 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2014 жылдың мамырында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

 «Құрмет» орденімен (2008) және 3 мерейтойлық медальмен марапатталған.  

Соңғы жаңалықтар