Он минутқа шығып кеткен қарағандылық азамат іздестірілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Белгісіз жағдайда үй киімімен тысқа шыққан 34 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны Ришат Мұхамедияров із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«6 шілде күні Ришатқа әлдебіреулер қоңырау шалып, ол Восток-1 шағын ауданындағы үйінен 10 минуттан соң қайтып оралатынын айтып шығып кеткен. Содан бері із-түссіз жоқ», - дейді Ришат Мұхамедияровтың туысы Гузаль Ысқақова.

Гузальға аталған іздеу ісін жүргізіп жатқан тергеуші іздеу жұмыстарының барысы жайлы алаңдап отырған туысқандарына хабарлаудың қажеті жоқ екендігін айтқан.

«Тергеушіге қайта-қайта қоңырау шалып отырмыз, ол тіпті жауап бермейді, қайтып хабарласпайды да. Екі апта болды есеңгіреп отырмыз», - дейді жоғалған азаматтың туысы.

Полиция қызметкерлері Ришат Мұхамедияровты іздеу жұмыстарын Жаңа-Майқұдық полиция бөлімшесі жүргізіп жатқандығын айтты.

«Жоғалған азамат жайлы қандай да бір ақпарат білетіндердің 8 (7212) 24-33-90, 40-79-19 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұраймыз», - деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалған азаматтың белгілері: бойы - 180 сантиметр, арық, шаштары күңгірт сары түсті. Ақ футболка, көк шолақ шалбар, көк аяқ киім киген. 

Соңғы жаңалықтар