Өмірзақ Шөкеев: Трансформациялау адамдарды жаппай жұмыстан босату дегенді білдірмейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев компанияларды трансформациялауға қатысты қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

Трансформациялау бағдарламасының кезекті атқарушы комитетінің мәжілісі онлайн режімде өтті.

«Біз бүгінгі күні трансформация аясында бірнеше жобаларды қараймыз. Бұл шынында да, құрылымы берік, жүйеленген әрі нақты бөліктерге бөлінген бағдарлама. Мәселен, «Самұрық Қазынаның» бас кеңсесінде трансформациялауды нақты 22 жобаға бөлдік. Әр жобаның өзінің орындаушысы мен қоры бар. Аталған жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін арнайы команда құрылды», - дейді басқарма төрағасы.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, еншілес компанияларға датрансформациялау бағдарламасын жүргізу үшін арнайы команда құрылған.

«Жалпы трансформациялау компанияны бәсекеге қабілетті ете түсетін жүйе екенін атап өткім келеді. Егер сіз 20-30 жыл бұрынғы компаниялардың тізімі мен оны бүгінгі күнгі жағдаймен салыстырсаңыз, өте үлкен өзгерісті аңғарып, ірі компаниялардың өміршеңдігін дәлелдеп шыққанын көресіз. Неліктен олар өміршеңдігін сақтап қалды деп сұрақ қоюыңыз мүмкін? Олар уақытында трансфомациялаудан өткенін атап өтуге болады», - дейді ол.

Өмірзақ Шөкеев сонымен бірге, трансфомациялау деген адамдарды жұмыстан босату дегенді білдірмейтінін атап өтті.

«Трансформациялау адамдарды жаппай жұмыстан босату деген сөз емес. Бұл бағдарламаның адамдарды өз орнынан босату дегенге мүлде қатысы жоқ. Біздің желілік менеджерлердің кейбірі бұл жаппай жұмыстан босату дей отырып, бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуына кедергі келтіреді. Трансформациялау - тек қана оңтайландыру ғана емес, тиімділігі жоқ шығындарды қысқарту», - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар