Өмірзақ Шөкеев: Өндірісті арттырмасақ, көрші елдердің қантына көміліп қаламыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вице-премьер - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қазақстанға жеткізілетін қант тасымалына берілетін жеңілдік аталған саланың дамуына кедергі келтіріп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2009 жылы Кеден одағы құрыла бастаған кезде біздің елге жеткізілетін қант үшін жеңілдік енгізген болатынбыз. Бұл жеңілдік жұмыс істеп тұрғанымен, бізде қант өндірісі жұмыс істемей қалды. Түсінесіздер ме?», - дейді Өмірзақ Шөкеев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

АШМ басшысының айтуынша, Қазақстанға көршілес мемлекеттер қант өндірісін айтарлықтай арттыра бастаған.

«Осы уақыт аралығында Ресей мен Беларусь қант өндірісін екі есеге арттырды. Егер біз бұл жеңілдікті алып тастамасақ, біз қант өндірісін мүлде жоғалтып аламыз. Біздің әріптестеріміздің өзі бізді қанттарымен көміп тастайды», - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар