Өмірзақ Шөкеев астық көлемін арттыру үшін не істеу керектігін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев елімізде егіннің шығымдылығын арттыру үшін қандай қадамдарға бару керектігін түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Президент саладағы цифрландыруды егжей-тегжейлі айқын түсіндіруді тапсырған болатын. Мысалы, біздің шаруалар өнімдерін қалай жоғалтып отыр? Себебі егін егудің қолайлы мерзімін нақты анықтай алмайды. Өмір бойы солай. Содан кейін осыны тура айтып беретін білікті адамды іздеп жүреді. Қазіргі кезде бұл мәселе технологиямен шешіліп жатыр», - деп тоқталды Шөкеев министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол әлемдегі үздік компаниялар талдау негізінде жоғары дәлдікпен болжамды бере алатынын атап өтті.

«Олар бір шаруашылықта қай жерде, қандай учаскеде және қашан егін егуге болатынын айта алады. «Атамекен-Агро» осы шараларды іске асыруда. Ол үшін не істеу керек? Атап айтқанда, бізде заңнамалық тұрғыда ауа райына болжамға «Қазгидрометтің» монополиясы қорғалған. Бұл - анахронизм ғой! Әрбір фермер өзінің учаскесінде шағын метеостансасын орнатуы үшін аталған кедергілерді жою керек. Сонымен қатар бір аудандағы барлық талдауды бір орталыққа түсіру қажет», - деді Ө. Шөкеев.

Оның сөзіне қарағанда, осындай метеостансаның құны сапасына қарай 500 доллардан басталады.

Соңғы жаңалықтар