Өмірлік жарыңды қалай таңдау керек: Қазақстан Президентінің берген кеңесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездескен Елбасы өмірлік жар таңдау турасында өз ойымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі уақытта егер жас жігіт бойжеткенмен танысқысы келсе дискотекаға барады. Оркестр құлаққа түрпідей тиіп, айтқың келетін сөзді айта алмайсың, айғайлайсың, сен оны, ол сені естімейді. Саған қызықты орындарға барып танысуға тырысу керек. Егер екі адам бір-біріне қарап тұрмай, бір мақсатқа қарай бет алса - жолдары болады», - дейді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде ер адамдардың әйелдерге деген көзқарасын өзгерту керектігін атап өтті.

«Біз мінезімізді өзгертуіміз керек. Әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық айтамыз. Күні бүгінге дейін кейбір мемлекеттерде әйелдердің еркектермен тең құқығы жоқ. Бірақ, әлем басқа бағытта жылжып барады. Қазір Батыста неліктен өте кеш отау құрады? Өйткені, әйел тәуелсіз әрі қаржылық жағдай бойынша еркектен дербес болғысы келеді. Өмірлерін реттегеннен кейін мүмкіндігі мол екеуі отау құрып, өмір сүре алады», - дейді Елбасы.

Қазақстан Президенттің айтуынша, мұндай теңқұқықтық бостандыққа кепіл бола алады.

«Ер адам да, әйел де еркін болуы керек. Біз еркектер қызғанамыз. Ол мүлде пайдасыз! Мен бұл жайлы сіздерге айтып отырған қазірдің өзінде, шынымен де солай ойлаймын ба деп толғанып отырмын. Бірақ, осы өмірде солай болуы керек», - дейді Президент.

Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «100 жаңа есім» жобасының 102 жеңімпазымен кездес ті. Қазақстанның туын биікке көтерген спортшылар мен ақ халатты дәрігерлер, меценаттықпен көзге түскен белді кәсіпкерлер мен ғалымдар, мәдениет пен қоғамдық салада ел аузында жүрген азаматтар Мемлекет басшысының жылы лебізіне бөленді.

Соңғы жаңалықтар