Өмірін қызықсыз санаған талғарлық оқушы үйінен қашып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талғар полициясы үйінен қашып кеткен оқушыны іздеп тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарлағандай, 15 қарашада Талғар АІІБ-ге Бесағаш ауылының ерлі-зайыпты тұрғыны өздерінің кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы шағым түсіндірген.

Жергілікті мектепте жоғары сыныпта оқитын оқушының бір тәулік бұрын із-түзсіз жоғалғаны анықталды. Ата-анасы қыздың бұдан бұрын үйінен ұзақ уақытқа хабарсыз кетпегенін мәлімдеген. Аудандық полиция жоғалған оқушы қызды іздеу шараларын жүргізді.

«Іздеу шаралары барысында 15 жастағы оқушы қыз Алматыдағы ойын-сауық парктердің бірінен табылды. Ол дін аман туыстарына қайтарылды. Оқушы қыз өзінің бұл әрекетін туған ауылындағы өміріне көңілі толмай, ата-анасының үйі  қызықсыз болғандықтан деп түсіндірді», - деді облыстық полицияның баспасөз қызметінде.

Ювеналдық полиция жасөспіріммен жұмыс жасап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар