Өмірден озған Шимон Перес донор болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбіге қараған түні қайтыс болған Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес донор болды.

 РИА Новости ақпараттық агенттігі хабарлағандай, бұл туралы саясаткердің емдеуші дәрігері Рафи Вельдман айтты.

 «Шимон Перес өмірден қиналмай өтті, - деді Перес өмірінің соңғы минуттары жайлы айтқан Вельдман. - «Шиба» клиникасының дәрігерлері оның өмірі  үшін күресіп,  дүниеден қиналмай өтуіне қолдан келгеннің бәрін жасады. Бұдан басқа, дәрігердің айтуынша, Израильдің бұрынғы президенті қайтыс болғаннан кейін өзінің донор болуын қалаған. Саясаткердің отбасы да оның көзінің мүйізгек қабығын донорлық ауыстыруға келісті. «Оның көзінің мүйізгегі оған мұқтаж адамға салынды», - деп қосты Вельдман.

Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перес сәрсенбіге қараған түні 90 жасқа қараған шағында көз жұмды.

 

Соңғы жаңалықтар