Омбылық хирургтер Павлодарда ота жасады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар және Омбы хирургтердиабетке шалдыққан науқастардың ампутациядан құтылуына мүмкіндік беретін ота жасауды бірлесіп үйреніп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Омбы өткір ишемия орталығының қызметкерлері, атап айтқанда орталық басшысы Владимир Ходус,  іріңді хирургия бөлімінің меңгерушісі Болатхан Тастеміров және диагностика мен емдеудің рентгенхирургиялық әдістері  бөлімінің меңгерушісі Гарегин Костанян Қазақстанға келді. Олар Павлодар қалалық бірінші ауруханасында кешенді операциялар жасауға қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

«Ресейлік дәрігерлер қант диабеті бар науқастардың қан айналымын жақсарту үшін эндовидео жабдықтарын қолдану арқылы ота жасады», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы мамандары. Мұндай оталар Қазақстанда және Павлодар облысында кең таралған баяу қан айналымынан зардап шегетін науқастардың мүгедектігінің алдын алады.

Енді Павлодар мен Омбы хирургтары ампутациядан арылу үшін осындай оталарды жиі жасайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар