Омбыда Наурыз-шоу өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Омбы облысында қазақтың Наурыз мерекесін атап өтеді, деп хабарлады om1.ru.

Мерекелік шара Называевский ауданында өтеді. Қазақ диаспорасы гір спорты, армрестлинг, арқан тарту, күрес жарыстарын қамтыған бағдарлама әзірлеген. Мерекенің шарықтау шегі бәйге болмақ.

Басты шара 23 наурызда Омбы филормониясында өтеді. «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдениетінің орталығы «Наурыз-шоу» концертін ұйымдастырады. Онда Омбы және Омбы облысының шығармашылық ұжымы және Қазақстаннан Асқар Наймантаев пен Базарбай Мұрат  өнер көрсетеді.

Атап өтсек, ЮНЕСКО көктемнің шығыс мерекесін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізген, ЮНЕСКО күнтізбесінде ол Наурыз халықаралық күні деп аталады.

Соңғы жаңалықтар