Омбыда Қазақстан консулдығын «басып алғандардың» көзі жойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы орталығындағы Уәлиханов көшесінде  орналасқан   ҚР консулдығы базасында антитеррорлық оқу-жаттығу өткізілді. 

Бұл шара Ресей күш құрылымдары және Қазақстан дипломатиялық ведомоствосымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды om1.ru .

Қазақстан тарапынан операцияға консул Элдар Қонаев бақылау жасаса, Ресей тарапынан Омбы облысы бойынша Федеральдық қауіпсіздік қызметі басқармасының басшысы, генерал-майор Василий Кондратенко жетекшілік етті.

Дипломатиялық нысандағы антитеррорлық шараның егжей-тегжейі жария етілген жоқ.  

Күш құрылымдары алға қойылған тапсырмаларды орындады, ал оқу-жаттығу барысында кездескен кемшіліктер енді басқа нысандарда ескерілетін болады.  

Соңғы жаңалықтар