Омбы облысында Қазақстан мен Қытай тауар өндірушілер орталығы ашылады

None
None
УФА. ҚазАқпарат - Омбы облысында Қазақстан мен Қытай тауар өндірушілер орталығы ашылады. Бұл туралы ШЫҰ мен БРИКС қатысушы-елдері өңірлерінің III шағын бизнес форумының пленарлық отырысының қорытындысында Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Біз Манчжурияда Омбы өңірінің тауар өндірушілерінің сауда үйін аштық. Тиісінше, біз Омбы облысында Қытай мен Қазақстан тауар өндірушілерінің өнімдерін сатуға арналған осындай сауда үйін ашу идеясын зерттеудеміз. Бұл жоба қазір пысықталып жатыр. Тауарларды кедендік ресімдеу туралы заңнамаға, бажсыз саудаға қатысты мәселелер бойынша жұмыс тобы құрылады», - деп хабарлады Назаров.

Омбы облысының губернаторы жобаны жүзеге асыру келесі жылға жоспарланғанын айтып өтті. «Қазақстанмен жағдай түсінікті. Қытаймен мәселені шешіп жатырмыз. Келесі жылы аталмыш жобаны жүзеге асырамыз деп ойлаймын», - деді Назаров.

Соңғы жаңалықтар