Омбы қаласындағы қазақ зиратын ешкім қопарған жоқ - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін әлеуметтік желілерде Максим Споткай есімді қолданушы видео таратып, қазба жұмыстары Омбы қаласына жақын қазақ зиратында жүргізіліп жатқанын жеткізген. Ол жерде бұрын Қаржас ауылы болған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз Омбыдағы консулымыз арқылы автордың видеосын тексеріп шықтық. Ондағы мәліметтер дұрыс көрсетілмеген. Омбы қаласы әкімшілігінің сәулет және қала құрылысы департаменті зират аймағында қазба жұмыстарына рұқсат бермегенін жеткізді. Ол жерде құрылыс жұмыстары да жүргізіліп жатқан жоқ. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мұсылмандардың бұрынғы зираты бойымен кәріз жүйесінің құбырларын тартқан. Құрылыс теxникасы сол үшін қолданылды", - деп жазды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз xатшысы Әнуар Жайнақов өзінің парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, Омбы қаласындағы Қазақстан консулдығы қала басшысының міндетін атқарушы Сергей Фроловтың атына ресми xат жолдап, осы оқиғаға қатысты түсінік беруді сұрады. "Білуімше, қазір ол жерде барлық жұмыстар тоқтатылды", - деп атап көрсетті Жайнақов.

Соңғы жаңалықтар