Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын Абзал Әжіғалиев ұстап шығады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Онда Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев көтеріп шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Шараны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында да Қазақстан туын Абзал Әжіғалиев ұстап шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар