Олимпиаданың қола жүлдегері қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1972 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында желкенді қайық спортынан қола иемденген Виктор Потапов РФ Мәскеу облысындағы Долгопрудный қаласында 71 жасында көз жұмды.

Бұл туралы ТАСС Жалпыресейлік желкенді қаайық спорты федерациясына сілтеме жасап хабарлады.

Яхташы өлімінің себеп-салдары айтылмай отыр.

Потапов үш Олимпиадаға (1972, 1976, 1980) қатысқан.

1972 жылы «финн» класында қола еншіледі, «торнадо» класында екі дүркін (1978, 1980) әлем чемпионы, «торнадо» класында (1981) Еуропа чемпионы, он дүркін КСРО чемпионы атанған.

Соңғы жаңалықтар