Олимпиадада Норвегия медальдар санымен көш бастады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін Норвегия құрамасы медальдар санын 28-ге жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, әзірге Қазақстан құрамасында фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медальмен жалпы есепте 25-ші орында тұрақтады.

Бүгінгі күннің жалпы қорытындысы бойынша, жалпы есепте бірінші орында келе жатқан Норвегия құрамасы медальдар санын 28-ге жеткізіп, өзге елдерден оқ бойы озып кетті. Олардың қоржынында 11 алтын, 9 күміс және 8 қола (28) медаль болса, екінші орында келе жатқан Германия елінің қоржынында әзірге 10 алтын, 6 күміс және 4 қола жалпы (20) медаль бар. Ал үздік үшінші орынға бүгін Канада спортшылары көтерілді. Олардың еншісінде 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль (17).

Бүгін жалпы есепте бір саты  төмендеген Нидерланды елі Канададан қола медальдар саны жағынан артта қалып келеді. Олардың еншісінде 6 алтын, 5 күміс және 2 қола (13) медаль. Сондай-ақ, үздік бестікті АҚШ құрамасы түйіндеуде. Олардың еншісінде 5 алтын, 3 күміс және 2 қола (10) медаль бар.

Естеріңізге сала кетейік, 9-шы ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимиада ойындарына Қазақстан 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Ал, жалпы Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс 25-ші ақпанда өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар