Олимпиадада норовирус жұқтырғандар саны артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында норовирус жұқтырған адамдар саны 158 адамға жетті. Бұл туралы журналистерге ұйымдастыру комитетінің өкілі Сон Пэк Ю мәлім етті. 10 ақпандағы жағдай бойынша, індетке шалдыққандар саны 139 адам болған еді, деп хабарлайды ТАСС.

«Сенбі күнгі жағдай бойынша норовируспен ауырғандар саны 158-ге жетті. Олардың кейбірі ауруханада ем алды. 139 адам толықтай айығып кетсе, 19 науқас дәрігерлердің жіті бақылауында. Қазіргі таңда бір де бір спортшы бұл вирусты жұқтырған. Жоқ», - деді Сон Пэк Ю.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Олимпиада ойындарында құқықтық тәртіпті күзетумен айналысатын жеке компанияның 1 200-ден астам қызметкері норовирус салдарынан жұмыстан шеттетілген еді.

Соңғы жаңалықтар