Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг ел чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан Республикасы чемпионатының алғашқы күні қорытындыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, айтулы додаға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан барлығы 400-ден астам спортшы қатысуда.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші күнгі финалдық белдесулерді тамашалап, жарыс жеңімпаз-жүлдегерлерін марапаттады. Сондай-ақ барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімі кезінде Ұлттық олимпиада комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов ҚР Дзюдо федерациясы атынан Ақтөбе облысына татами сыйға тартты.

Сонымен, жұма күні төмендегі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер белгілі болды.

Ерлер:

60 кг

1. Жеңісбек Жақсыбек (Қызылорда облысы)

2. Ғұсман Қырғызбаев (Алматы қаласы)

3. Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)

3. Ержан Еренғайып (Қарағанды облысы)

66 кг

1. Ерлан Серікжанов (ШҚО)

2. Бауыржан Сағынғалиұлы (Маңғыстау облысы)

3. Төлеген Нұрғалиев (ШҚО)

3. Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)

Әйелдер:

48 кг

1. Галбадрах Отгонцэцэг (ОҚО)

2. Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)

3. Әйгерім Төреғожина (Қарағанды облысы)

3. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

52 кг

1. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)

2. Жадыра Әміртаева (Жамбыл облысы)

3. Назгүл Елмұратова (ШҚО)

3. Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)

Осылардың ішінде Рио Олимпиадасы және әлем біріншілігінің қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің ел чемпионы атанғандығын атап өткен жөн. Өйткені биылғы жылдың ең маңызды әрі қорытынды жарысында жеңімпаз атанған дзюдошылар ұлттық құрама сапында 2018 жылы ел намысын қорғайтын болады, сондай-ақ Азия мен әлем чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, 11 қараша күні ерлер арасында 60 және 66 кг, әйелдерден 57, 63 және 70 кг салмақтағы дзюдошылар татамиге шығады. 12 қараша күні 90, 100 және +100 кг (ерлер), 78 және +78 кг (әйелдер) салмақ дәрежелері бойынша бабы келісіп, бағы жанғандар анықталады. 13 қараша, соңғы күні командалар ҚР кубогы үшін сынға түспек. 

Соңғы жаңалықтар