Олимпиада жарыстарының кестесіне өзгерістер енгізілді

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем додасының кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Бүгін қазақстандық шаңғышылар жарыс жолына шығуы тиіс еді. Алайда Олимпиада қалашығында желдің қатты соғуынан жарыстар 15-16 ақпанға ауыстырылды.

FIS баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін желдің жылдамдығы сағатына 72 км дейін жетеді деп болжануда.

Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін жарыс жолына шаңғышыларымыз шығатындығы туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар