Олимпиада: Сейсенбі жарысқа кімдер шығады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 20 ақпан күні қазақстандықтар екі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада ойындарының жарыс кестесіне сәйкес, бүгін қазақстандық спортшылар шорт-трект пен биатлоннан жарыс алаңына шығады.

Шорт-трекшілеріміз Астана уақытымен 16:00-де сайысты бастаса, биатлоншыларымыз 17:15-те жарыс алаңына шығады.

Жарыс кестесі:

Шорт-трек

16:00 Әйелдер, 1000 метр. Іріктеу кезеңдері

Анастасия Крестова, Ким Йонг А

Ерлер 500 метр. Іріктеу кезеңдері  

Қатысатындар: Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша,

Биатлон

17:15 Аралас эстафета

Қатысатындар: Галина Вишневская, Алина Райкова, Максим Браун, Роман Еремин.

Соңғы жаңалықтар