Олимпиада ойындарында «стриптиз» көрсеткен моңғол бапкерлері спорттан кетуге мәжбүр болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғол бапкерлері Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында өз палуанының жеңілгеніне наразылық білдіріп, боз кілем үстінде шешінгендері үшін 2019 жылдың тамызына дейін халықаралық жарыстардан шеттетілді.

Оқиға 64 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өзбек Ихтиёр Наврузов пен моңғол Мандахнаран Ганзориг үшінші орын үшін таласқанда орын алды. Жекпе-жекте моңғол палуаны жеңіске жақын болған, алайда соңына қарай төрешілер белдесуден қашқақтағаны үшін айып ұпай беріп, ол ұтылып қалды.  Төрешілердің бұл шешімі моңғол бапкерлерінің наразылығын тудырды. Олар ашуға булығып, боз кілемге шығып, сол жерде шешіне бастаған.  

Бапкерлердің шеттетілгенінен бөлек, Моңғолияның күрес  Федерациясына  шамамен $ 50 мың айыппұл салынды, деп жазды championat.com.

 

Соңғы жаңалықтар