Олимпиада ойындарын қай ел көп өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына 85 күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олимпиада ойындарын өткізу кез-келген мемлекеттің қолынан келе бермейтін аса жауапты әлемдік дода. Сол үшін экономикалық қуаты төмен, енді өркендеп келе жатқан елдер Олимпиада ойындарын өткізуге қауқарсыз саналады. Әлі күнге Олимпиада ойындары түгілі жекелеген спорт түрлерінен әлем біріншілігін өткізіп көрмеген елдер де жетерлік.

Бірақ Қазақстан ТМД елдері арасында тұңғыш болып, қысқы Азия мен Дүниежүзілік Универсиада ойындарын өткізіп үлгерді. Ал жекелегн спорт түрлерінен жылына бір емес, бірнеше рет әлем біріншіліктері еліміздің әр өңірінде өтіп жатады. Қазақ елі үшін Олимпиада ойындарын өткізу ғана қалды десек артық айтқандық емес.

Енді, Олимпиада ойындарын ең көп өткізген елдерге қысқаша тоқтала кетейік.  Қазірге дейін ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ - 8 рет (4 рет жазғы және 4 рет қысқы).  Франция 5 рет (2/3), Ұлыбритания 3 рет (3/0), Германия 3 рет (2/1), Жапония, Италия, Канада 3 рет (1/2). Австралия жазғы ойындарды екі рет, ал Австрия, Швейцария және Норвегия қысқы ойындарын, Швеция, Бельгия, Нидерланд, Финляндия, КСРО, Мексика, Оңтүстік Корея, Испания және Қытай, Бразилия бір рет жазғы ойындарды қабылдады.

Югославия (Босния және Герцеговина) бір рет қысқы ойындарды қабылдаған. Барлығы - 21 ел. Жазғы ойындар 19 елде, ал қысқы 11 елде болды.

Олимпиада ойындарын осыған дейін 42 қала (жазғы 23, қысқы 19) өткізген. Қалалар арасында Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қала - Лондон - 3 рет. Лос-Анжелесте, Парижде, Афинада жазғы ойындар екі реттен өткізілген. Ал Санкт-Мориц, Инсбрук, Лейк-Плэсид қалаларында қысқы ойындар екі рет өтті.

Соңғы жаңалықтар